Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды

Түркістанда өңешіне ине тұрып қалған сәбиге көмек көрсетілді.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды
📷 Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары - хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

Похожие материалы

Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды · Todayinfo