"Әлеуметтік желілер өтірік емес. Ол тек шындықтың сүзгіден өткен нұсқасы. Ал нағыз өмір экранның ар жағында. Сол өмірде тыныштық, денсаулық, жақыныңның амандығы бар болса сіз әлдеқашан бақыттысыз", - деп жазды коуч.
Түркияда тұрып табысын Қазақстаннан тапқан: Айнұр Тұрсынбаева психологиялық курстарын түріктерге сата алмайды
Қазіргі коуч, кезіндегі ақын Айнұр Тұрсынбаева көптен Түркияда тұрады. Алайда ол психологиялық сабақтарын өзі ұнатып, қоныс аударған Түркия тұрғындарына емес, өзі тастап кеткен отанындағы аңқау әйелдерге сатып, табыс тауып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Қыруар қаржы

Қазіргі коуч, кезіндегі ақын Айнұр Тұрсынбаева көптен Түркияда тұрады. Алайда ол психологиялық сабақтарын өзі ұнатып, қоныс аударған Түркия тұрғындарына емес, өзі тастап кеткен отанындағы аңқау әйелдерге сатып, табыс тауып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Қыруар қаржы халқын алдап табатын Тұрсынбаева байлық пен ақылға "кенелген" жалт—жұлт еткен өмірінде көрсетуді ұмытқан емес. Алайда бірнеше рет күйеуге тиген, қылмыс әлемінің өкілімен бірге күн кешкен ақын—коучтың өмірі шынымен бақытқа толы ма?
Ақын келіншек бүгінде аты әлемге танымал шетелдік актер, кәсіпкерлер мен табысты спортшылардың өмірін мысалға алып, оны қазақ әйелдеріне тықпалап, мотивация ретінде көрсетіп келеді.
Әлеуметтік желіде кеңінен танымал бұндай әйелдер мен қыздар, тіптен гүл—гүл жайнаған өмірін жарнамалаған жігіттер де жетерлік. Шынайы өмір ретінде бағаланатын желідегі өмірдің астарында қандай өтірік жатыр. Тарқатып көрсек....
Бұл дүниені «жалған» деп жиі айтамыз. Ал сол жалғандықтың ең айқын көрінісі кейде әлеуметтік желілерден байқалады. Бірақ бұл біреуді айыптау үшін емес, өзімізді түсіну үшін айтылатын шындық.
Әлеуметтік желілерде бәріміз әдемі болғымыз келеді. Бір кадр үшін ондаған селфи жасап, ең сәттісін таңдаймыз. Бұл өзімізге ұнағымыз келетін табиғи қалау. Қонақта отырсақ та, дастарханды реттеп, артықты алып тастап, «әдемі сәтті» сақтап қалуға тырысамыз. Кейде суретке түскісі келмейтін жұбайды да «бір сәтке» көндіреміз. Ал экранның ар жағындағылар сол бір кадрға қарап, «қандай керемет өмір» деп ойлайды.
Шындығында, әлеуметтік желілер өмірдің өзі емес, оның бір ғана сәті. Бір макияжбен түсірілген жүз фото, туған күнде қолға тиген гүлмен жасалған бір селфи, дайын цитатамен безендірілген жазба бұлардың бәрі адамның бақытты болуға деген ниетін ғана көрсетеді.
Ал камера сөнген соң бәріміз бірдейміз: шаршаймыз, үйде отырып қаламыз, кейде ұйқымыз қанбайды, кейде көңіл-күй болмайды. Бұл қалыпты. Өмірдің шынайы бөлігі дәл осы жерде.
Сондықтан әлеуметтік желілердегі жарқ-жұрқ еткен өмірге қызығудың қажеті жоқ. Күліп тұрған көздің артында мұң болуы мүмкін. Сәнді көйлек пен қымбат көліктің астарында уайым мен қарыз жатуы да ғажап емес. Ал «бәрі керемет, бақыттымын» деген жазбалар кейде тек өз-өзіңді жұбату үшін жарияланады.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·