Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Түрмедегі бизнес: Алматы облысында сотталғандар несие рәсімдеп, казино ойнаған

Алматы облысының прокуратурасы  түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд. т

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Түрмедегі бизнес: Алматы облысында сотталғандар несие рәсімдеп, казино ойнаған
Алматы облысының прокуратурасы  түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд. теңгеден асқан, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. №10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды. Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ​ Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды. Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Похожие материалы

Түрмедегі бизнес: Алматы облысында сотталғандар несие рәсімдеп, казино ойнаған · Todayinfo