Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тұңғышбай Жаманқұлов: жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілге қатысты бап ана тіліміздің дамуына мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Конституцияның 9-бабында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп нақты көрсетілуі ана тіліміздің мәртебесін нығайтуға және оның қолдану аясын кеңейтуге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Өнер и

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тұңғышбай Жаманқұлов: жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілге қатысты бап ана тіліміздің дамуына мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Конституцияның 9-бабында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп нақты көрсетілуі ана тіліміздің мәртебесін нығайтуға және оның қолдану аясын кеңейтуге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің сөзінше, соңғы жылдары қазақ тілінің қоғамдағы орны айтарлықтай күшейіп келеді. Бүгінде қазақ мектептерінің саны артып, жас ұрпақтың білімді бірнеше тілде меңгеруі қалыпты үрдіске айналған.

«Қазір қазақ балалары тек қазақ тілін ғана емес, орыс және ағылшын тілдерін де жақсы меңгеріп келеді. Бұл – заман талабы. Бірақ ең бастысы, олардың ойлау жүйесі мен тәрбиесі ана тілінде қалыптасып жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ халық әртісі еліміздегі өзге этнос өкілдері арасында да қазақ тілін меңгерген азаматтардың қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазақ тілін үйренуге деген ниет басқа ұлт өкілдерінің арасында да бар. Бірақ бәрі өзімізден басталады. Егер біз өз тілімізді құрметтесек, қадірін білсек, оны күнделікті өмірде белсенді қолдансақ, өзгелер де соған қарап бой түзейді. Мемлекеттік тілге деген құрмет осылай қалыптасады», – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Оның пікірінше, Конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесінің нақты бекітілуі қазақ тілінің қоғамдық, саяси және мәдени өмірдегі рөлін күшейтіп, болашақта оның толыққанды қызмет етуіне берік негіз қалайды.

«Тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тілдің дамуы – тәуелсіздігіміздің басты тіректерінің бірі. Сондықтан бұл бап қазақ тілінің болашағына қызмет етеді», – деп түйіндеді халық әртісі.

Похожие материалы

Тұңғышбай Жаманқұлов: жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілге қатысты бап ана тіліміздің дамуына мүмкіндік береді · Todayinfo