Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында бұрынғы жұбайымен қарым-қатынас, ажырасу барысы мен оның салдары туралы алғаш рет ашық әңгімеледі,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«46 жасымда, 27 жыл бірге өмір сүрген, балаларымның анасымен ажырастым. Бұрынғыдай қамқорлық пен сүйіспеншіліктің қалмағанын сездім», – деді Алагөзов.
Ажырасу кезінде дүние-мүлік бөліске салынып, күрделі заңды процестер басталған.
Кәсіпкердің айтуынша, бұрынғы жұбайы заңгер, ал өзі инженер болғандықтан, бұл процесте тәжірибе жағынан айырмашылықтар сезілген.
«Ол: “Үлестің 50 пайызын бересің” деді. Мен компанияның жартысын беріп, ажырасу бөлігін солай аяқтаймыз деп ойладым. Алайда ол: “Сен өз үлесіңді бердің, енді заң жүзінде қалған 50 пайызын да бер” деді», – дейді ол.
Алагөзов бұл жағдайдан кейін тек киім-кешегін алып, басқа пәтерге көшіп кеткенін жеткізді.




