"Бүгін Galanz Bottlers компаниясының қызметкерлері күйеуім сыйлаған жаңа пәтерлерін алғаш рет көрді! Әрқайсысы үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп жазды Баян Алагөзова.Сол күні алғашқы 30 қызметкерге пәтер кілттері табысталды. Қалғандары үйлер толықтай дайын болған кезде алады. Фото мен видеоларда қуанып тұрған қызметкерлер жаңа пәтерлерінің кілттерін көрсетіп, есіктерінің алдында тұр. Барлық есіктердің түрі бірдей, тек пәтер нөмірлері ғана әртүрлі, сондықтан қызметкерлердің бәрі бір үйден пәтер алған болуы мүмкін. Видеодан жаңа пәтерлердің іші де көрінеді, барлығы қарапайым (черновая отделка) күйде берілген, яғни жөндеу жұмыстары жасалмаған. Пәтерлердің нақты қанша бөлмеден тұратыны белгісіз. Айта кетейік, 2025 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша жаңа үйлердің шаршы метрі 468,8 мың теңгеден 498,2 мың теңгеге дейін, яғни 6,3% өскен. Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өзінің компаниясында қызмет еткендерге пәтер кілтін табыстады. 15 жылдан астам қызмет еткен 100 адамға 100 пәтер берді. Сондай-ақ ол баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы, еден жуатын кісілер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар.
Жұмысшылар Тұрсын Алагөзов сыйлаған пәтерлерін көрсетті
Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, "Maxi Шай" сусынын өндіретін Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов мамыр айының соңында жүзге жуық қызметкеріне Алматыдан пәтер сыйлаған еді. 2025 жылдың 20 маусымында сол пәтерлердің алғашқы иелері жаңа үйле

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, "Maxi Шай" сусынын өндіретін Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов мамыр айының соңында жүзге жуық қызметкеріне Алматыдан пәтер сыйлаған еді. 2025 жылдың 20 маусымында сол пәтерлердің алғашқы иелері жаңа үйлерін алғаш рет көрді, деп хабарлайды Todayinfo.
Олардың фото және видеолары Баян Алагөзованың Instagram парақшасында жарияланды.
Похожие материалы

Новости
Наемные работники в системе ОСМС: ответы на часто задаваемые вопросы
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Как сэкономить на электричестве
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·