Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Үйіне жатып, тамағын ішіп, әйелінің қойнынан бір-ақ шыққан: Бадықованың күйеуі отбасындағы опасыздықты жайып салды

Актер Дархан Мұсаев актриса Дариға Бадықовамен қалай ажырасқанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Оның «Уақыт көрсетеді» жобасына берген сұхбаты желідегі жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Todayinfo . «2023 жылы Таиландқа кино түсіруге кетті. Сол кинодан кейін бір нәрсе

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Үйіне жатып, тамағын ішіп, әйелінің қойнынан бір-ақ шыққан: Бадықованың күйеуі  отбасындағы опасыздықты жайып салды

Актер Дархан Мұсаев актриса Дариға Бадықовамен қалай ажырасқанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Оның «Уақыт көрсетеді» жобасына берген сұхбаты желідегі жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Todayinfo.

«2023 жылы Таиландқа кино түсіруге кетті. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым, бірақ білдірмедім.  Келген соң Дариға Олжасты мақтай берді. «қазіргі пиар ходты пайдаланайық, Олжаспен партнер болсам, армандаған дүниемізге жетеміз. Сенің атыңнан ИП ашамыз, Олжасты емдетейік» деп керемет құлшыныспен айтты. Күдіктенсем де, үндеместің рөліне кіріп, артын бағайын дедім», - дейді ол.

Дархан Мұсаевтың айтуынша, Дариға Бадықова мен оның кинодағы партнеры Олжас Абай араларында сезім болуы мүмкін деген күдігін жоққа шығарған.

Тіпті Олжас Абай «Таптым-ау сені» фильмінің түсірілімі кезінде ерлі-зайыптының үйінде біраз уақыт бірге тұрған көрінеді.

«Олжас тәртіп бұзды, сосын оны таппай қаламыз деп үйге алып келіп, тұрғыздық. Олжас жерлесім ғой, братан, братан деп сыйлап, тамағымды ішіп, үйге жатып жүрді. Киноның премьерасының алдында қажылыққа барып келдім. Келген соң Олжас жоламай қашып жүрді, арты қуыс шығар, білмеймін ғой. Касса 1 млрд 850 млн жиналған соң Дариға өзгеріп кетті»,- деді ол.

Актердің сөзінше, бұған дейін әйелі оған тоқал алып бергісі келген. Бірақ ол бас тартқан.

«Баласызсың, тоқал алып берейін, осы үйде тұра беріңдер, болмаса қалада тұрыңдар» деп бір әңгімені бықсыта бастаған. Бірақ оны өзім тыйып тастадым»,- деді актер.

Дариға Бадықованың экс-күйеуі екеуінің соңғы әңгімесін еске алды.

«Таптым- ау сені» кассасы жабылған соң, сөйлесейік деді. Үйге келіп, «мен бәріңнен шаршадым, мамамдарды бағып шашадым, мен шетелге кетейінші, өз өмірімді сүрейін» деді. Мен оған ақ жол тіледім, бірақ егер осы Олжас үшін болса, мен сені кешірмеймін дедім»,- деді Дархан Мұсаев.

Актер әйелінің карьерасы үшін өз өмірін екінші орынға қойғанын, күшік күйеу болғанын мойындады.

Фото: әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Үйіне жатып, тамағын ішіп, әйелінің қойнынан бір-ақ шыққан: Бадықованың күйеуі отбасындағы опасыздықты жайып салды · Todayinfo