Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«Ұл баланы зорлаған»: Amanat партиясының депутаты қамауға алынды

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.  Бұл туралы Todayinfo ақпарат порталы Ақсу аудандық  полиция бөліміне  сілтеме жасап хабарлайды. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жаса

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Ұл баланы зорлаған»: Amanat партиясының депутаты қамауға алынды
Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.  Бұл туралы Todayinfo ақпарат порталы Ақсу аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды, – делінген хабарламада.
Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
– Биыл тамызда Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады, – деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Фото: Фото: gov.kz

Похожие материалы

«Ұл баланы зорлаған»: Amanat партиясының депутаты қамауға алынды · Todayinfo