Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ұлытау облысында аутизмге шалдыққан балаларға арналған алғашқы қолдау орталығы ашылады

Жаңа мекеме Жезқазған қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жанынан құрылмақ. 120 балаға дейін қамти алатын орталық орналасатын ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша орталық 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға беріл

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Ұлытау облысында аутизмге шалдыққан балаларға арналған алғашқы қолдау орталығы ашылады
Жаңа мекеме Жезқазған қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жанынан құрылмақ. 120 балаға дейін қамти алатын орталық орналасатын ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша орталық 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Бұған дейін өңірде аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталық болмаған. Көмекке мұқтаж ата-аналар баласын тек шағын түзету кабинеттеріне апаруға мәжбүр болатын. Жаңа орталық бұл қажеттілікті толық өтейді деп күтілуде. Облыстық білім басқармасының бас маманы Меруерт Қажмағанбетованың айтуынша, орталықта балалар күндізгі форматта, диагнозына қарай 1-3 сағат аралығында білім ала алады. Жолдама ПМПК арқылы беріледі. Мұнда логопед, дефектолог, сурдопедагог сынды арнайы мамандар жұмыс істейді. Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы аутизммен ауыратын балалар санының артып келе жатқанын айтып, арнайы орталықтар құруды тапсырған болатын.
«Соңғы жылдары аутизмге шалдыққан балалар саны 66%-ке өсті. Балалар таңертеңнен кешке дейін анасының жанында емес, қоғамға бейімделетін ортада болуы тиіс. Орталықтар – олардың әлеуметке бейімделуіне көмектесетін маңызды құрал» – деді дәрігер-психиатр Гүлбану Бұланбаева.
Қазіргі уақытта облыста ерекше білім беруді қажет ететін 2200-ден астам бала бар, олардың 101-і аутизм диагнозымен тіркелген. Жаңа орталық диагнозға сәйкес қызмет көрсететін 17 түрлі маманмен қамтылады. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және штаттық құрамды жасақтау жұмыстары қатар жүргізілуде.

Похожие материалы

Ұлытау облысында аутизмге шалдыққан балаларға арналған алғашқы қолдау орталығы ашылады · Todayinfo