Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза тапты

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алып, 1994 жылы туған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды  Todayinfo. Ресми ақпаратқа сәйкес, №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде кенші жүк оқпаны ала

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза тапты
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алып, 1994 жылы туған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Ресми ақпаратқа сәйкес, №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде кенші жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. «Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», – делінген «Қазақмыс» компаниясының хабарламасында. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтты. "Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішінде жерлеу шығындары да кіреді", – делінген хабарламада.  

Похожие материалы

Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза тапты · Todayinfo