ҰҚК экс-төрағасынан тәркіленген мүлік аукционға шығарылады
Фото: ErtenMedia Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасынан тәркіленген мүліктер 2025 жылғы 15 тамызда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылады. Жалпы бастапқы құны 14,8 миллион теңге болатын бағалы заттар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ұсыны

Фото: ErtenMedia
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасынан тәркіленген мүліктер 2025 жылғы 15 тамызда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылады. Жалпы бастапқы құны 14,8 миллион теңге болатын бағалы заттар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ұсынылады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Аукционға қойылатын негізгі лоттар арасында зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар, суық қарулар және эксклюзивті қаламдар бар.
Тәркіленген мүліктің құрамында жалпы сомасы 139 мың теңге болатын әртүрлі зергерлік бұйымдар мен сәндік аксессуарлар бар.
Арасында Elizabeth II бейнеленген, бетінде кенгуру суреті бар монета — 3,1 млн теңге; ал айдаһар бейнесі бар монета 1,2 млн теңгеге бағаланған. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы коллекциялық қаламдар да сатылымға шығарылады.
Аукционда 10 қылыш ұсынылады. Ең қымбат лот — сары металлдан жасалған және қынабы бар қылыш, сарапшылардың бағалауы бойынша 1,1 млн теңге тұрады.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·