«Ұрып-соғып, пәтерім мен көлігімді тартып алды»: кәсіпкер полициядан емес, бандиттен қорқатынын айтты (ВИДЕО)
Шымкент қаласының кәсіпкері Бақыт Қалмен өзін ұйымдасқан топ бопсалап, мүлкін тартып алғанын айтып, бірнеше жылдан бері әділдік іздеп жүргенін мәлімдеді. Оның сөзінше, полиция, прокуратура және сот органдары істен қылмыс құрамын таппай, істі жауып тастаған, деп хабарлайды Todayin

Шымкент қаласының кәсіпкері Бақыт Қалмен өзін ұйымдасқан топ бопсалап, мүлкін тартып алғанын айтып, бірнеше жылдан бері әділдік іздеп жүргенін мәлімдеді. Оның сөзінше, полиция, прокуратура және сот органдары істен қылмыс құрамын таппай, істі жауып тастаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2023 жылы Шу ауданында алынған мемлекеттік тендер аясында басталған. Жұмыс барысында жанармай жетіспей, кәсіпкер танысынан 3 миллион теңге көлемінде көмек сұраған. Алайда кейін белгісіз адамдар ақша қарызсың деп қорқытып, 33 миллион теңгені иемденген.
Кәсіпкердің айтуынша, өзін «қорғаймыз» деп таныстырған адамдар кейін оны ұрып-соғып, қаражатты жалған құжаттар арқылы үшінші тұлғалардың есепшотына аудартқан. Бұдан бөлек, Ravon R3 маркалы автокөлігі мен жұбайының атына рәсімделген пәтері де күш қолдану арқылы тартып алынған.
Сондай-ақ, жәбірленуші 400 миллион теңге қарыз екені туралы қолхаттарды нотариус арқылы жазуға мәжбүр болғанын және баласына қатысты қоқан-лоқы жасалғанын айтады.
Аталған деректерге қарамастан, кәсіпкер құқық қорғау органдары тарапынан істің жабылғанын, ал сот оның дәлелдеріне назар аудармағанын алға тартып отыр.
https://youtu.be/4HZ9xCgoNUs?si=x4XY1cYsV0tLymP6
Похожие материалы

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·