Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Ұрыс-керіс, қорлау»: Марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы туралы ел білмейтін шындық жария болды

Әлеуметтік желіде марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың келіні өз басынан өткен ауыр жағдайлар туралы ашық мәлімдеме жасады деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаған Назерке Надирова өзін марқұм ақынның ұлының бұрынғы жары екені

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
«Ұрыс-керіс, қорлау»: Марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы туралы ел білмейтін шындық жария болды

Әлеуметтік желіде марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың келіні өз басынан өткен ауыр жағдайлар туралы ашық мәлімдеме жасады деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаған Назерке Надирова өзін марқұм ақынның ұлының бұрынғы жары екенін айтып, «жұрт шындықты білсін» деген мақсатпен жеке өміріндегі қиын кезеңдерді суреттермен бірге бөлісті.

Оның айтуынша, TikTok әлеуметтік желісінде бұрынғы күйеуінің «Оразалы Досбосыновтың баласы» ретінде дәріптеліп жүргенін көрген соң, сырт көзге көрінбейтін шындықты айтуға мәжбүр болған.

Назерке Надирова 2024 жылы өзара келісіммен отбасын құрғанын, сол жылдың қараша айында жүкті екенін білгенін айтады. Осыдан кейін отбасындағы қарым-қатынас күрт өзгеріп, ұрыс-керіс, қорлау басталғанын жеткізген.

Оның сөзінше, түн ішінде үйден жылап қашып шығуға мәжбүр болған кездері де болған. Сонымен қатар өзін видеоға түсіріп, болашақ баласының әкесіне қатысты күмән келтіруге мәжбүрлегенін жазды.

Кейін ол анасының үйіне көшіп, жүктіліктің барлық ауыртпалығын жалғыз көтергенін айтады. 2025 жылдың 12 шілдесінде ұл баланы дүниеге әкелген. Сол сәтте бұрынғы жұбайы «бұл менің балам» деп көпшілік алдына бір рет қана шыққанымен, кейін байланысын үзгенін атап өтті.

Қазір Назерке Надирова баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, әкесі тарапынан ешқандай материалдық немесе моральдық қолдау көрсетілмегенін мәлімдеді.

Похожие материалы

«Ұрыс-керіс, қорлау»: Марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы туралы ел білмейтін шындық жария болды · Todayinfo