Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

Аргентинадағы Кордоба провинциясында әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo Infobae порталына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Бель-Виль қаласындағы аэродромда өткен шара барысында болған. Шараға қатысушылар әуе маневрлерін көрсетіп жатқан.

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

Аргентинадағы Кордоба провинциясында әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo Infobae порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Бель-Виль қаласындағы аэродромда өткен шара барысында болған. Шараға қатысушылар әуе маневрлерін көрсетіп жатқан.

Полиция өкілдері мәлім еткендей, қаза тапқандар Санта-Фе провинциясының екі тұрғыны.

Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Алдын ала деректерге сәйкес, ұшақ әуеде теңселіп, ұшу-қону жолағына соғылып, соққыдан кейін өртеніп кеткен.

Фото: Freepik

Похожие материалы

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты · Todayinfo