Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Вагнер» жауынгерлеріне мотоцикл берген Нұрлан Сабыровтың ісіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті кірісті

Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың өткен жылы Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейдің “Вагнер” ЖШС жауынгерлеріне 10 мотоцикл беріп, көмектескен еді. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. “Н

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Вагнер» жауынгерлеріне мотоцикл берген Нұрлан Сабыровтың ісіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті кірісті
Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың өткен жылы Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейдің “Вагнер” ЖШС жауынгерлеріне 10 мотоцикл беріп, көмектескен еді. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Нұрлан Сабыров пен мотоциклдерге қатысты жағдай бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Алайда ведомство тергеу жұмыстарының қанша уақытқа созылатынын және қандай қорытынды болуы мүмкін екенін нақты айтқан жоқ. Қазір әзілкеш Алматы қаласында жүр. Оны әлеуметтік желіде тараған суреттерден байқауға болады. Заңгер Бауыржан Онғаровтың айтуынша, Қазақстанда Нұрлан Сабыров 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған Украина аумағындағы ресейлік күш құрылымдарын қолдады деген айып тағылып отыр.
“Сабыровқа “Вагнер” жеке әскери компаниясының жалдамалыларын қаржыландырғаны және материалдық тұрғыда қамтамасыз еткені үшін қылмыстық кодекстің 170-бабы 1-бөлігі (Жалшылық) бойынша 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге жаза арқалауы мүмкін. “Вагнер” – жеке әскери компания, бірақ шын мәнінде мәні жалдамалылар. Нұрланның қылмысы 100% дәлелденген”, – деп жазды заңгер Facebook парақшасында.
Бұған дейін ресейлік БАҚ “Вагнер легионы Искра” таратылған “Вагнер” ЖӘК-тің бөлініп шыққан бөлімшелерінің бірі екенін, қазір Ресей Қарулы күштері құрамына кіретінін нақтылаған.

Похожие материалы

«Вагнер» жауынгерлеріне мотоцикл берген Нұрлан Сабыровтың ісіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті кірісті · Todayinfo