Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Уланған оқушы, торттан табылған тіс: Солтүстік Қазақстанда бір аптада екі шулы жағдай тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында бірден екі резонансты оқиға тіркелді. Оның бірі – мектеп оқушысының улануы болса, екіншісі – дүкеннен сатып алынған торттан бөгде заттың табылуы. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдымен, уланған оқушыға қатысты ақпаратқа тоқтал

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Уланған оқушы, торттан табылған тіс: Солтүстік Қазақстанда бір аптада екі шулы жағдай тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында бірден екі резонансты оқиға тіркелді. Оның бірі – мектеп оқушысының улануы болса, екіншісі – дүкеннен сатып алынған торттан бөгде заттың табылуы. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Алдымен, уланған оқушыға қатысты ақпаратқа тоқталсақ, 4 ақпанда Гусаковка ауылынан санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласына жеткізілген 15 жастағы мектеп оқушысының жағдайы жақсарған.

Дәрігерлердің мәліметінше, тыныс алу жолдары мен өңешінің ауыр химиялық күйігі диагнозымен жансақтау бөліміне түскен қыз бала бүгінде хирургия бөліміне ауыстырылған.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, оң динамика бар», – дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, оқиға мектеп аумағында болған. Қазір полиция белгісіз химиялық затпен уланудың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Ал облыстағы екінші оқиға азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты қоғам назарын аудартты.

Qazmedia хабарлауынша, Соколовка ауылының тұрғыны дүкеннен сатып алған торттың ішінен бөгде зат – адам тісіне ұқсас затты тапқан.

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазғаннан кейін, «Богатырский продукт» компаниясының директоры байланысқа шығып, мәселені ақшалай өтемақымен шешуді ұсынып, жағдайды жарияламауды сұраған.

«Маған: “Бұл мәселені өзара шешейік, ешқайда шағымданбаңыз” деді», – деп мәлімдеген тұрғын.

Алайда көп ұзамай ер адамға қатысты «бопсалау» дерегі бойынша арыз түскен. Кейін белгілі болғандай, ол өтемақы ретінде 2 миллион теңге талап еткен деген күдікке ілінген.

Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«16 қаңтар күні ТОО өкілі ішкі істер органдарына жүгініп, ер адамның кондитерлік өнімнен бөгде зат тапқанын айтып, ақша талап еткенін хабарлады», – делінген ресми жауапта.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істі тексеріп жатыр және жағдайға объективті баға берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған ұқсас жағдайлар еліміздің өзге өңірлерінде де тіркеліп келеді. Мәселен, жуырда Шымкент қаласында кафе иесін «тексерумен қорқытты» деген күдікпен 20 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысында орын алған бұл екі жағдай да қоғамда үлкен резонанс тудырып, мектептегі қауіпсіздік пен азық-түлік сапасына қатысты мәселелерді қайта көтеріп отыр.

Похожие материалы

Уланған оқушы, торттан табылған тіс: Солтүстік Қазақстанда бір аптада екі шулы жағдай тіркелді · Todayinfo