Worldskills Kazakhstan - 2025: ШҚО колледждерінің командасы республика бойынша үздік ондықта
Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan – 2025 X республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты сайыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қоржынында 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль және 10 «Үздік маман» медальоны бар. Бұл жетістіктер қатысушылардың

Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan – 2025 X республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты сайыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қоржынында 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль және 10 «Үздік маман» медальоны бар.
Бұл жетістіктер қатысушылардың, тәлімгерлердің және сарапшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз командамыздың жеңістеріне қуаныштымыз және жаңа белестер мен кәсіби табыстар тілейміз!
1 орын
Мобильді робототехника (командалық) — Иванин Константин мен Дмитриев Артём, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.
2 орын
Мехатроника (командалық) — Скрипников Ярослав пен Энгель Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Өнеркәсіптік автоматика — Луковкенко Кирилл, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Ақпараттық қауіпсіздік (командалық) — Благодетелев Даниил мен Литвинов Ярослав, Өскемен экономика және техника колледжі; Наубайхана ісі — Рахым Айдар, Өскемен көпсалалы технология колледжі.
3 орын
CAD-инженерлік графика — Сапаров Рамиз, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Шаштараз ісі — Вилижина Вероника, Өскемен сервис және технология колледжі.
«Үздік маман» медальондары
Сантехника және жылыту — Александров Александр, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі; Дәнекерлеу технологиясы — Конкин Николай, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі; Құрғақ құрылыс қоспалары және сылақ жұмыстары — Қабылқайыров Қуат, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі; 3D компьютерлік ойындарын модельдеу — Секишев Али, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі; Электромонтаж жұмыстары — Белялев Андрей, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Мобильді қосымшаларды әзірлеу — Ерболұлы Нұрбол, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру - Ширяев Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Аспаздық ісі - Бакшинскас Сергей, Өскемен көпсалалы технология колледжі; Ветеринария - Лазаренко Елизавета, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі; Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету - Дамолданов Эльнар, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.
Похожие материалы

Новости
Совет Европы поддержал конституционные реформы в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мужчина, воспитавший пятерых детей, узнал, что не является их биологическим отцом
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ұзақ жыл бойы бағып келген 5 баласы өзінікі болмай шықты: ДНҚ-тексеру күтпеген шындықты ашты
Жаннұр Еділбаева·