Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров елімізде техникалық қарасора өсіру мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл мәселені инвестиция тарту немесе экономикалық жоба ретінде емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастыру қажет,деп хабарлайды Todayinfo. «Техникалық қа
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров елімізде техникалық қарасора өсіру мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл мәселені инвестиция тарту немесе экономикалық жоба ретінде емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастыру қажет,деп хабарлайды
Todayinfo.
«Техникалық қарасора деп атағанмен, ол бәрібір қарасора. Оның құрамында есірткілік заттар бар. Мұндай шөпті бақылаусыз өсіруге жол берілмеуі тиіс», – деді Ерлан Саиров.
Депутат қарасора өндірісіне тартылып жатқан инвесторлар қандай талаппен таңдалатыны туралы сұрақ қойды. Сонымен қатар техникалық қарасораның қауіпті және қауіпсіз түрлері нақты сарапталған ба, мемлекеттік реестр жасалды ма деген мәселеге назар аударды.
«Бұл шөп қоғамға қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан егістікке рұқсат беру тәртібі нақты жүйеленуі керек», – деді ол.
Саиров елімізде ашық шекаралар мен ақпарат еркіндігі жағдайында Қазақстан есірткіге тәуелді азаматтар үшін қауіпсіз аймаққа айналып кету қаупі бар екенін айтты.
«Ертең “Мен шекпеймін, бірақ рахаттанамын” деген ұранмен қоғамда есірткілік эйфория белең алып кетпей ме?» – деп алаңдаушылық білдірді депутат.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәселеге қатысты жауап бере отырып, техникалық қарасора құрамындағы тетрагидроканнабинол (ТГК) деңгейі заңмен бекітілген шектен аспайтынын мәлімдеді.
«Өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылатын қарасорада ТГК мөлшері небары 0,1-0,3% аралығында. Ал Шу өңірінде өсетін жабайы қарасорада бұл көрсеткіш 15%-ға дейін жетіп, есірткінің көзіне айналады. Техникалық қарасора қауіпті емес және біз бұл саланы қатаң қадағалаймыз», – деді Әділов.
Оның айтуынша, ІІМ тарапынан ай сайын «Дәрек» атты жедел алдын алу шарасы өткізіліп, қарасора өсіру мен айналымы жіті бақыланады.