Заң және тәртіп: өңірде құқықтық кеңес беру бойынша кең көлемді акция өтті
Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында ауқымды «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Ақтөбе қаласындағы «Keruen City» ойын-сауық орталығында өткен негізгі іс-шараға облыстық прокуратураның, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Акциян
Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения

Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында ауқымды «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Ақтөбе қаласындағы «Keruen City» ойын-сауық орталығында өткен негізгі іс-шараға облыстық прокуратураның, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар қатысты.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету, проблемалық мәселелерді жедел әрі білікті түрде шешуге ықпал ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау.
Шараға келген ақтөбеліктердің қатары көп болды. Тұрғындар алимент, несие берешектері, алаяқтық, әсіресе интернет-алаяқтыққа қатысты түрлі сұрақтарымен жүгінді.
«Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Азаматтар өз сауалдарына толыққанды жауап алып жатыр, қажет болған жағдайда сотқа арыз құрастыруда жәрдем береміз. Оның жобасын дайындауға көмектесеміз» - деді облыстық прокуратураның аппарат басшысы Асхат Бекмұханов.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс үш бағытта ұйымдастырылды: құқық қорғау блогында қылмыстық және әкімшілік заңнама бойынша кеңес берілсе, мемлекеттік органдар әлеуметтік, жер және тұрғын үй құқықтарын түсіндірді, ал сараптамалық блок аясында заңгерлер, нотариустар мен сот орындаушылары кәсіби кеңестер ұсынды.
Похожие материалы

Актюбинская область
Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды
Айғаным Нариманова·

Актюбинская область
Ақтөбеде “Қалдықсыз қоғам”: болашақ үшін бүгінгі қадам
Жаннұр Еділбаева·

Актюбинская область
Аким Актюбинской области Асхат Шахаров проголосовал на референдуме
Айғаным Нариманова·

Актюбинская область
Отан алдындағы міндет: Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров референдумда дауыс берді
Айғаным Нариманова·