Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Зеленский АҚШ-тағы елшіні қызметінен босатпақ

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісі Оксана Маркароваға оның қызметінен босатылатыны жөнінде хабарлаған,деп жазады  Todayinfo. Бұл туралы «Общественное» телеарнасы президент кеңсесіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Алайда, Зеленский Маркарова

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Зеленский АҚШ-тағы елшіні қызметінен босатпақ
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісі Оксана Маркароваға оның қызметінен босатылатыны жөнінде хабарлаған,деп жазады Todayinfo. Бұл туралы «Общественное» телеарнасы президент кеңсесіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Алайда, Зеленский Маркароваға командада қалуды ұсынған. Жаңа лауазымы бойынша шешім кейін анықталады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Сибигамен алдын ала консультациялар өткен. Bloomberg және Financial Times агенттіктерінің дерегінше, АҚШ-тағы Украина елшісі қызметіне келесі үміткерлер қарастырылып жатыр:
  • Денис Шмыгаль – Украина премьер-министрі
  • Ольга Стефанишина – Украина вице-премьері
  • Рустем Умеров – Қорғаныс министрі
  • Герман Галущенко – Энергетика министрі
  • Николай Точицкий – Мәдениет және стратегиялық коммуникациялар министрі
  • Игорь Жовква – Президент кеңсесі басшысының орынбасары
АҚШ-тағы Украина елшісі – Вашингтонмен стратегиялық әріптестікті үйлестірудегі маңызды тұлға. Сондықтан жаңа елші таңдау геосаяси және дипломатиялық маңызға ие. Маркарова бұл қызметті 2021 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Украина Қаржы министрі қызметін атқарған.  

Похожие материалы

Зеленский АҚШ-тағы елшіні қызметінен босатпақ · Todayinfo