Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жалпақсай ауылында 10 жастағы баланы үш ит талап тастады

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында 10 жастағы балаға үш ит шабуыл жасап, ауыр жарақат алған. Қазір зардап шеккен бала Қаскелең қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.kz. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 16:30 шамасында ауылдағы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Жалпақсай ауылында 10 жастағы баланы үш ит талап тастады

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында 10 жастағы балаға үш ит шабуыл жасап, ауыр жарақат алған. Қазір зардап шеккен бала Қаскелең қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 16:30 шамасында ауылдағы футбол алаңында болған. Сол сәтте алаңда ойнап жүрген балалардың үстіне екі овчарка мен бір питбуль ит кенеттен бас салған. Балалардың көбі қашып үлгергенімен, Максим есімді бала шабуылдан қашып құтыла алмай қалған.

Иттерді тоқтату оңай болмаған. Балаға ауыр дене жарақаттары келтірілген: бір құлағы жұлынып, жамбас тұсы мен басы қатты зақымданған. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін жедел көмек көрсетіп жатыр.

Аталған дерек бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы («Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қорытынды нәтижесіне байланысты заң аясында шешім қабылданады», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Иттердің иелері мен жауапты тұлғалардың әрекетіне де құқықтық баға берілмек. Құзырлы органдар барлық кінәлі азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Похожие материалы

Жалпақсай ауылында 10 жастағы баланы үш ит талап тастады · Todayinfo