Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сүлейменов сыйақы туралы ақпаратты растамады. - Себебі 1,7 миллиард жалпы жалақының өзі. Оның ішінде, денсаул

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?
Фото: Sputnik / Санат Имангалиев Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сүлейменов сыйақы туралы ақпаратты растамады.
- Себебі 1,7 миллиард жалпы жалақының өзі. Оның ішінде, денсаулыққа байланысты демалысқа шығу, еңбек демалысы бар. Біз алған жалақының бәрі сол санда есептелген. Яғни 1,7 миллиард деген сыйақы емес, – дейді Сүлейменов. 
Айта кетейік, әлеуметтік желіде 2024 жылы Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджерлер және директорлар кеңесі өздеріне 1,7 миллиард теңге сыйақы жаздырған деген ақпарат тарады. Ал дәл сол жылы Ұлттық банк 355 миллиард теңгеге шығынға батып жатқан еді.

Похожие материалы

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па? · Todayinfo