"Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, бұл оқиға 2025 жылдың 2 сәуірінде орын алған. 3 сәуірде директор мәселені анықтап, кінәлі қызметкерлерге қатысты шара қолданды", – деп хабарлайды Жамбыл облысының білім басқармасы.Оқу орындары – тек білім беру үшін арналған мекеме. Бұл оқиға мектеп қауіпсіздігі мен ішкі бақылаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Білім басқармасы тарапынан осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бақылау күшейтілетіні айтылды.
Мектепті жайма базарға айналдырған: Жамбыл облысында білім ордасы сауда орталығы болып кеткен
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құланды орта мектебінде оқу орны ішінде алтын сатылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, қоғамда резонанс тудырды. Мектептің кітапханасында өткізілген бұл бейресми "сауда" оқиғасы бойынша облыстық білім басқармасы ресми жауап берді

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құланды орта мектебінде оқу орны ішінде алтын сатылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, қоғамда резонанс тудырды. Мектептің кітапханасында өткізілген бұл бейресми "сауда" оқиғасы бойынша облыстық білім басқармасы ресми жауап берді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
2025 жылдың 2 сәуірінде Құланды мектебінің кітапханасында белгісіз тұлғалар қорап-қорап алтын бұйымдарды жайып, оларды мектеп мұғалімдеріне сатқан. Әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерден кейін бұл оқиғаға қатысты қоғам назары күшейді.
Келесі күні, 3 сәуірде мектеп директоры жағдайдан хабардар болып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Білім басқармасының мәліметінше, мектеп әкімшілігі бақылауды әлсіретіп, білім беру мекемесіне бөгде адамдардың кіруіне жол берген. Осы себепті мектеп әкімшілігіне тәртіптік шаралар қолданылған.
Жауапты органдардың хабарлауынша, мектепке рұқсатсыз бөтен адамдарды кіргізген вахтер мен кітапханашы да жазасыз қалмаған. Олар өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін директор тарапынан тәртіптік жазаға тартылған.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·