Todayinfo.kz
Новости

Жамбылда екі сәбиді терезеден лақтырған: күдіктінің өз анасы екені айтылуда

Жамбыл облысында екі сәбиді (2021 және 2023 жылы туған) терезеден лақтырып жіберген әйел ұсталды. Балалар ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Жамбылда екі сәбиді терезеден лақтырған: күдіктінің өз анасы екені айтылуда
Жамбыл облысында екі сәбиді терезеден лақтырып жіберген әйел ұсталды. Бұл сұмдық оқиға туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Расталмаған ақпарат көздеріне сүйенсек, ұсталған әйел – балалардың өз анасы. Қазіргі уақытта полиция осы оқиғаға қатысты соталды тергеуді бастады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі кәмелетке толмаған бала дереу ауруханаға жеткізілді. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 және 2023 жылы туған сәбилерге «жабық бас сүйек-ми жарақаты» және «ми ісінуі» деген диагноз қойылған. Одан бөлек, үлкен баланың жамбас сүйегі ығысып, жабық сынған.
"Екі баланың да миына, кеуде қуысына және жамбас сүйектеріне компьютерлік томография жасалды, сондай-ақ лапароцентез (іш қуысындағы артық сұйықтықты алу) жүргізілді. Мидағы ісінуге қарсы терапия да жасалды", - деп нақтылады басқарма өкілдері.
Дәрігерлердің айтуынша, үлкен сәбидің жамбас сүйегіне ота жасалуы керек. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы