«Қорғау жұмыстарының нәтижесінде тергеу органы бұдан да ауыр бап қозғау керек деген шешімге келді. Қазір Жанабыловтарға ақшаны жылыстату айыбы тағылды. Оған қоса, іс материалында прокурордың талап-арызы пайда болды. Ол мемлекет мүддесі үшін қарапайым азаматтардан жиналған қаражатты өндіріп алуды сұрайды. Прокурордың пікірінше, бұл ақша енді мемлекеттікі болып саналады. Ең қауіптісі — қазір Жанабыловтарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр», — деді адвокат Жасұлан Рахымғалиев.Адвокаттың сөзінше, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бабы бойынша айыпты деп танылғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Фото: Әлеуметтік желіден
Блогер 7 жылға сотталуы мүмкін: «Халықтан жиналған ақша енді мемлекеттікі» дейді прокурор
Белгілі блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға енді ақшаны жылыстатты деген ауыр айып тағылды. Адвокаттың айтуынша, олар 7 жылға сотталуы мүмкін.

Астанада танымал блогерлер Жанабыловтар отбасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жаңа сатыға көшті. Бұрын заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталған ерлі-зайыптыға енді «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды» деген бап қосылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың адвокаты Жасұлан Рахымғалиевтің айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 214-бабы (Заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабы (Ақшаны жылыстату) бойынша қаралып жатыр. Қорғаушы тарап істің күрделеніп кеткенін мәлімдеді.
Похожие материалы

Новости
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Новости
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·