Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жаңа Қазақстанның алаяқ діншіл блогері: «Робин Гуд» атанған Ілияс Сариевтің қулықтары сотта анықталып жатыр

Алматыда өзін «қазақтың Робин Гуды» деп атап, қайырымдылықпен танылған блогер Ілияс Сариевтің ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Көпбалалы отбасыларға баспана әперем деп, ауыр науқас балалардың еміне ақша жинаумен айналысқан Сариев ірі к

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Жаңа Қазақстанның алаяқ діншіл блогері: «Робин Гуд» атанған Ілияс Сариевтің қулықтары сотта анықталып жатыр

Алматыда өзін «қазақтың Робин Гуды» деп атап, қайырымдылықпен танылған блогер Ілияс Сариевтің ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Көпбалалы отбасыларға баспана әперем деп, ауыр науқас балалардың еміне ақша жинаумен айналысқан Сариев ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен сәуірде қамауға алынған еді.

Сот алдында сөз алған Сариев қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру барысында өзіне тағылған айыптың бір бөлігін мойындады. Оның айтуынша, көмекке мұқтаж жандардың туыстарынан ақша алған, бірақ мұны өз еңбегіне төленген ақы деп есептеген.

«Иә, олардан ақша алдым. Бірақ менің жалғыз мақсатым болды пайда табу емес, көмек көрсету. Маған «Қазақтың Робин Гуды» деген атты «Сәт» мешітінің бас имамы берген еді. Осы атаққа сай болуға тырыстым. Шамамен 70 отбасының үйлі болуына жәрдем бердім. 203 адам менің көмегіммен қажылық пен ұмра сапарына барып қайтты. Көптеген балалар емделіп, ата-аналар қуанды», – деді сотталушы.

Алайда прокурордың «ақша берген азаматтарға қатысты түсірілген бейнежазбаларды неге жарияламай, неге олар үшін уәде етілген қаражат жинау шарасын бастамадыңыз?» деген сұрағына Сариев аккаунтының белсенділігі төмендегенін алға тартты.

«Парақшамның қаралымы азайып кетті. Мен алдымен аккаунтымды қайтадан танымал еткім келді және Рамазан айын күттім», – деп ақталды ол.

Сот барысында Сариев «MM Travel» туристік компаниясымен байланысы туралы да айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қазанына дейін осы компанияны әлеуметтік желіде жарнамалап, маркетингпен айналысқан. Бұл қызметі үшін айына шамамен 1 млн теңге алып отырған.

«Фирма 2025 жылдың сәуіріне дейін еш қиындықсыз жұмыс істеп, адамдарды қажылыққа жіберіп отырды. Сәуірдің басында компаниямен байланысым үзілген соң, басшысы Ақтоты Дүйсеева хабарласып, менен туристерге ұшақ рейсінің шегерілгенін хабарлауымды өтінді. Мен компания менеджерінің атынан хабарласып, адамдарды басқа күнге билет алынғанына сендірдім. Бұл өтінішті орындаған себебім – әлеуметтік желіде атым шыққан адаммын, компанияны өзім жарнамалағанмын. Сондықтан да абыройымды сақтап қалғым келді», – дейді Сариев.

Оның айтуынша, ол туристерден ешқандай қаржы алмаған.

Сотта Ильяс Сариев 26 эпизодтың алтауына ғана кінәсін ішінара мойындады. Осы іс бойынша екінші айыпталушы Ақтоты Дүйсеева да тек «MM Travel» туристік компаниясына қатысты айыптауларды ғана мойындап отыр.

Қазір екі сотталушыға да «аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша айып тағылған. Сот процесі жалғасуда.

Ақпарат көзі:  Ertenmedia

Фото: скрин/ Instagram

Похожие материалы

Жаңа Қазақстанның алаяқ діншіл блогері: «Робин Гуд» атанған Ілияс Сариевтің қулықтары сотта анықталып жатыр · Todayinfo