Жаңа Рим папасы - америкалық кардинал Роберт Франсис Прево
Ватикан Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланды. Ол- америкалық кардинал Роберт Франсис Прево- Лев XIV есімін алды, деп хабарлайды Todayinfo . ВВС хабарлауынша, Ватикандағы Әулие Петр базиликасының балконына кардинал Доминик Мамберти шығып, латын тілінде: «Habemus Papam!» де

Ватикан Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланды. Ол- америкалық кардинал Роберт Франсис Прево- Лев XIV есімін алды, деп хабарлайды Todayinfo.
ВВС хабарлауынша, Ватикандағы Әулие Петр базиликасының балконына кардинал Доминик Мамберти шығып, латын тілінде: «Habemus Papam!» деп жариялады, бұл «бізде жаңа папа бар!» дегенді білдіреді.
Содан кейін ол жаңа понтификті таныстырып, оның шіркеу басшысы ретіндегі жаңа есімін атады.
Жаңа понтификтің сайланғаны туралы хабар жергілікті уақытпен 18:00-де тараған еді.
Сол кезде Сикстин капелласының шатырындағы мұржадан ақ түтін шығып, шіркеу қоңыраулары соғылған болатын.
Әулие Петр алаңында жиналған мыңдаған адам Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын зор қуанышпен қарсы алды.
Полиция мәліметінше, алаңда шамамен 40 мың адам болған.
Фото:Reuters
Похожие материалы

Новости
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ранние арбузы: стоит ли опасаться нитратов и как выбрать безопасную ягоду?
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді
Айғаным Нариманова·