Бүгін Ватикандағы Сикстин капелласында конклавқа жиналған кардиналдар Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлады. Бұл төртінші дауыс беру нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Todayinfo BBC-ге сілтеме жасап.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін капелланың шатырындағы мұржадан ақ түтін шығып, шіркеу қоңырауы соғылды. Бұл кардиналдардың жаңа Рим папасын сайлағанын білдіреді.
Әдетте жаңа понтифик сайланғаннан кейін бір сағат ішінде Әулие Петр алаңына қараған балконға шығады.
Еске салайық, 21 сәуірде Рим папасы Франциск 88 жасында бақилық болды.
Фото:vaticannews



