Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

2025 жылғы 23 мамырда Жаңаөзен қаласында үш көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат кезінде ішінде мектеп түлектері отырған Lexus LX 450 көлігіне Toyota Hilux пикапы мен Toyota Land Cruiser 100 көлігі соқтығысқан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеоға

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

2025 жылғы 23 мамырда Жаңаөзен қаласында үш көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат кезінде ішінде мектеп түлектері отырған Lexus LX 450 көлігіне Toyota Hilux пикапы мен Toyota Land Cruiser 100 көлігі соқтығысқан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеоға түсіп қалған,еп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі

Видеода Toyota Hilux жоғары жылдамдықпен жол жиегімен жүріп, көліктерді басып озбақ болғанда, түлектер отырған джипке соғылғаны анық көрінеді. Апат орнында мектеп формасын киген балалардың көліктен түсіп жатқаны байқалады.

Полиция түсініктеме берді: маневр сәтсіз аяқталған

Жол апатына қатысты Жаңаөзен қалалық полициясы ресми мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Toyota Hilux жүргізушісі жолда кетіп бара жатқан Land Cruiser 100-ді басып озуға әрекеттеніп, жолдан шығып кеткен.

«Toyota Hilux жол жиегіне сәтсіз шығып кетіп, Land Cruiser 100 көлігімен соқтығысты. Соқтығысудан кейін Land Cruiser 100 инерциямен Lexus LX 450 көлігіне соғылған», – деді полиция өкілі.

Апат салдарынан Toyota Hilux жолдан ұшып кеткен.

Зардап шеккендер жоқ, жүргізушіге хаттама толтырылды

Бақытымызға орай, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Toyota Hilux жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (жол жүру ережесін бұзу арқылы көлік құралдарының соқтығысуына себепкер болу) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды.

Қоғамда алаңдаушылық тудырды

Полицияның мәліметінше, түлектер тек Lexus LX 450 көлігінде отырған. Бұл жағдай ата-аналар мен қоғам тарапынан қауіпсіздікке байланысты алаңдаушылық туғызды.

Похожие материалы

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ · Todayinfo