Жапонияға сапар: Тоқаев күншығыс елінің императорымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің т

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.
Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.
Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Похожие материалы

АКОРДА
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Айдар Керім·

АКОРДА
Интеграцияға ашықпыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Айдар Керім·

АКОРДА
Ақниет және Бөрте: Тоқаев асыл тұқымды құлындарға есім берді
Айдар Керім·

АКОРДА
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·