«Ана өліміне байланысты тергеу басталды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы арнайы жұмыс тобын құрды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижелері кейін жарияланады», — деп хабарлады басқарма өкілдері.Сондай-ақ, Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 317-бабының 2 және 3-бөліктері бойынша (медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе өлімге әкелу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Қажетті сараптама жасау үшін мәйіт Тараз қаласына жіберілді.
Жас келіншектің денесін жертөлеге жасырған: Шу ауруханасындағы сұмдық оқиғаға қатысты тергеу басталды
Фото: Azattyq Ruhy Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Todayinfo. Олардың айтуынша, 5 наурызда жүкті әйел 34-ші аптада ауруханаға жатқызылған. 9 наурызда жағдайы күрт нашарлап, комаға түсіп, 10 нау

Фото: Azattyq Ruhy
Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Todayinfo.
Олардың айтуынша, 5 наурызда жүкті әйел 34-ші аптада ауруханаға жатқызылған. 9 наурызда жағдайы күрт нашарлап, комаға түсіп, 10 наурызда дәрігерлер құрсақтағы шетінеген нәрестені ота арқылы алған. Содан бері ол жансақтау бөлімінде жатқан. Кейіннен әйелін іздеген күйеуі оның денесін аурухананың техникалық бөлмелерінің бірінен тауып алған деген ақпарат тарады.
Шу қалалық көпсалалы ауруханасының ресми мәліметінше, науқас 22 наурызда жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен қайтыс болған.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·