Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Желіде Нұрлан Сабыровтың Ресей жауынгерлеріне көмектескен видеосы қызу талқыға түсті

Желіде комик Нұрлан Сабыров былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне көмектескені жайлы видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Видео 2025 жылғы 7 шілдеде Истра муниципиалдық округінің ресми Telegram арнасында жарияланған. Кадрларда әзілкеш игі іс жасап, “Вагнер И

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Желіде Нұрлан Сабыровтың Ресей жауынгерлеріне көмектескен видеосы қызу талқыға түсті
Желіде комик Нұрлан Сабыров былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне көмектескені жайлы видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Видео 2025 жылғы 7 шілдеде Истра муниципиалдық округінің ресми Telegram арнасында жарияланған. Кадрларда әзілкеш игі іс жасап, “Вагнер Истра легионының” жауынгерлеріне 10 эндуро мотоциклін тапсырып жатқанын айтып, оларға “аман-сау әрі жеңіспен оралуды” тілейді.
“Бүгін игі іс жасап жатырмыз. Ресей Батыры Александр Кузнецовтың жетекшілігіндегі “Вагнер легионы Истра” жауынгерлеріне көмектесіп жатырмыз. Осы қуатты “Эндуро” мотоциклдерін көмегімді қабыл алады деп үміттенемін. Олар көмекті жеткізуге, азық-түлік тасымалдауға міндетті түрде керек болады. Құдай қаласа, жігіттер аман-сау әрі жеңіспен оралсын”, – деді ол видеода.
Бұған қоса, Нұрлан Сабыровтың Ресей әскеріне 2 миллион рубль (12,7 миллион теңге) қаражат аударғаны туралы да ақпарат тарады.

Похожие материалы

Желіде Нұрлан Сабыровтың Ресей жауынгерлеріне көмектескен видеосы қызу талқыға түсті · Todayinfo