Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Жемқорлармен күрескен ҰҚК лауазымды басшысының өзі сотталып жатыр»: даулы іске Айгүл Орынбектің қатысы бар ма?

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қоғам назарын аударған бұл іске қатысты белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өз ұстанымын мәлімдеді. Ол атышу

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Жемқорлармен күрескен ҰҚК лауазымды басшысының өзі сотталып жатыр»: даулы іске  Айгүл Орынбектің қатысы бар ма?
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қоғам назарын аударған бұл іске қатысты белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өз ұстанымын мәлімдеді. Ол атышулы істің айналасында өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, негізгі мақсаты – білім беру саласындағы жемқорлықты ашу болғанын жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Сарбасовпен байланысым жоқ. Менің мақсатым – білім беру жүйесіндегі былықтарды әшкерелеу. Егер байланысым болғанда, оларды алдын ала ескертіп отырар едім. Бірақ мен тек Элмира Дүйсенқызына қауіпсіздік үшін камера орнатуды ұсындым», – деді Айгүл Орынбек өзінің «Әділдікті іздеймін» атты YouTube арнасында жарияланған бейнежазбасында.
Бұған дейін сот төрағасы процестегі материалдарды жариялауға тыйым салғанымен, кейбір куәгерлердің айтқан сөздері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып кеткен еді. Бұл жайт қоғамда заңдылық мәселелерін туындатты.

«Іске еш қатысым жоқ»

Айгүл Орынбектің айтуынша, 2023 жылдың қараша айында тергеуші Ернар Күзенбаев Сарбасовты қамауға алу қажет екенін айтқанымен, бұл шешім жүзеге аспаған. Орынбек бұл іске мүлдем қатысы жоқ екенін, Сарбасовтың үйінде тінту болған уақытта өзі ата-анасымен бірге шетелде демалыста жүргенін алға тартты.
«22 қарашада демалысқа шыққанмын. Сол кезде Сарбасовтың үйінде тінту жүргізілген. Егер мен бұл іске қатысым болса, тергеу амалдары жайлы оларды алдын ала ескертетін едім. Бірақ менің жалғыз мақсатым – жүйелі жемқорлықты тоқтату», – деді ол.

«Куәгер неге жәбірленуші емес?»

Орынбектің айтуынша, алғашқы тергеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, арызданушы Элмира Дүйсенқызы бастапқыда жәбірленуші емес, куәгер ретінде танылған. Бұл жағдайға қатысты заңгер тергеушімен келіспей, істен шеттетілгенін мәлімдеді.
«Тергеуші мені іске қатыстырмады. Яғни мен бұл іс бойынша ресми түрде бастамашы болмағанмын. Мұны ҰҚК-нің ресми анықтамасы да растайды», – дейді Айгүл Орынбек.

«Тергеу тобы Сарбасовпен байланысымды көрсетуге тырысты»

2023 жылдың желтоқсанында Элмира Дүйсенқызы Орынбекті үйіне шақырып, Сарбасовқа қатысты дауыс жазбасы барын айтқан. Осы сәттен бастап тергеу тобының әрекеттеріне күмәнмен қарағанын жеткізген заңгер жазбада өзінің даусы жоқ екенін нақтылады.
«Жазбаларда менің дауысым жоқ. Бұл материалдар істі бақылауда ұстау үшін жиналған еді. Егер мақсатым Сарбасовты қорғау болса, неге мен ҰҚК төрағасына, Бас прокуратураға үндеу жасап, мәселені ресми түрде көтердім?» – деді Орынбек.

«Элмира ханым істі созды»

Айгүл Орынбек Элмира Дүйсенқызының әрекеттеріне де тоқталып, оның істі созбалаңға салғанын алға тартты. Оның айтуынша, жаңа тергеу тобын күту арқылы нақты қадамдар кейінге қалдырылған.
«Мен бірнеше рет “Астанаға барып, арыз жазайық” деп ұсыныс айттым. Бірақ ол жаңа топ келеді деп, істі ілгерілетпеді», – деді заңгер.

«Жалған айыптаулар»

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек соңғы уақытта өзіне бағытталған айыптаулардың жалған екенін мәлімдеп, жазбалар тек жемқорлықты дәлелдеу үшін пайдаланылатынын атап өтті.
«Иә, мен жазбаларды дайындадым. Бірақ оларды Сарбасовқа емес, қажет болған жағдайда Бас прокуратура мен ҰҚК төрағасына ұсыну үшін жасадым», – деді ол.
Ашық мәлімдеме жасаған Айгүл Орынбек қоғамға да, тергеу органдарына да үндеу тастап, істің әділ және заң аясында жүргізілуі керектігін жеткізді. Ол өз видеожолдауында білім саласындағы жемқорлықты жүйелі түрде әшкерелеу жолындағы күресін жалғастыра беретінін атап өтті. Дереккөз: Abai.kz

Похожие материалы

«Жемқорлармен күрескен ҰҚК лауазымды басшысының өзі сотталып жатыр»: даулы іске Айгүл Орынбектің қатысы бар ма? · Todayinfo