«Жетім қызды жабылып зорлап, видеосын порно сайттарға жүктеген»: Алматы облысында жасөспірімдердің арсыз әрекеті әшкере болды
Алматы облысының Қарғалы ауылында елді дүр сілкіндірген оқиға тіркелді. Бір топ жасөспірім 7-сыныпта оқитын қызды зорлап, азғындық әрекетті видеоға түсіріп, оны кейіннен бірқатар порно сайттарға жариялағаны анықталды, деп хабарлайды Todayinfo. Мектеп директоры сұмдық жағдайды 13

Алматы облысының Қарғалы ауылында елді дүр сілкіндірген оқиға тіркелді. Бір топ жасөспірім 7-сыныпта оқитын қызды зорлап, азғындық әрекетті видеоға түсіріп, оны кейіннен бірқатар порно сайттарға жариялағаны анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Мектеп директоры сұмдық жағдайды 13 қазан күні біліп, дереу құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыс 21 қыркүйек күні ауылдағы бір коттеджде жасалған. Ең сорақысы — жәбірленуші қыздың жетім екені белгілі болды.
Қазір қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыз облыстық психологиялық орталық мамандарының бақылауында.
Күдіктілердің барлығы — кәмелет жасына толмағандар. Сондықтан олардың жеке деректерін жариялау заң бойынша қатаң тыйым салынады.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді қайта көтерді.
Фото: Freepik
Похожие материалы

Новости
Эксперт: отмена инфляционной гарантии пенсионных накоплений в Казахстане выглядит преждевременной
Жаннұр Еділбаева·

Новости
С 25 августа алименты будут перечислять только на специальные счета
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Зорлықпен емдеп жатқан жоқпын!»: Бағдагүл емші оқырманымен сөзге келіп қалды
Айғаным Нариманова·

Новости
Павлодар сүт фермасындағы трагедия: желіде әкесі мен екі ұлының фотосы тарады
Айғаным Нариманова·