"Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде екі ауылдық округтің әкімі мен бір мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура әрбір азаматтың құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, заңбұзушылықтардың кез келген жағдайына дер кезінде әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.Фото: Todayinfo
Жетісу облысында әкімдер мүгедектер мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған - прокуратура
Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың көпбалалы аналардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған. Прокуратура "Міндетт

Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың көпбалалы аналардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған.
Прокуратура "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның талаптарына сәйкес азаматтардың аталған санаты үшін мұндай жарналарды мемлекет төлейтінін жеткізді.
Алайда, соған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер тарапынан қолдауға мұқтаж 166 азаматтың жалақысынан 5,5 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз ұсталғаны белгілі болды. Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған қаржыны қайтару рәсімі басталды.
Похожие материалы

Регионы
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Регионы
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Регионы
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Регионы
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·