Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жетісу облысында балабақша директоры жоқ балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, Панфилов ауданындағы балабақшалардың бірінен жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру жасағанын анықтады, деп хабарлайды Todayinfo . «Kaisar KK» бөб

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Жетісу облысында балабақша директоры жоқ балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған
Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, Панфилов ауданындағы балабақшалардың бірінен жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру жасағанын анықтады, деп хабарлайды Todayinfo. «Kaisar KK» бөбек жайының директоры 2 жыл бойы балабақшаға келмеген балаларды барды деп көрсетіп, жалған есептер ұсынған. Осылайша ол бармаған балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған. Сот бұл әрекетті алаяқтық жасағаны үшін директорды кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді

Похожие материалы

Жетісу облысында балабақша директоры жоқ балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған · Todayinfo