Жезқазғанда киік өлекселері жойылып жатыр
Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасымен Жезқазған қаласы аумағында киік өлекселерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ақпан айынан бері 660-тан астам киік ұшасы жойылды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл жұмыстарға: Ұлытау облысы ОШжЖД аумақтық инспекциясының қызметкерлері

Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасымен Жезқазған қаласы аумағында киік өлекселерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ақпан айынан бері 660-тан астам киік ұшасы жойылды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл жұмыстарға:
Ұлытау облысы ОШжЖД аумақтық инспекциясының қызметкерлері,
«Охотзоопром» инспекторлары,
Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мамандары,
Жезқазған қалалық әкімдігі қызметкерлері жұмылдырылды.
6 арнайы техника өлекселерді жинап, мал қорымына тасымалдау үшін пайдаланылуда.
24-26 наурыз аралығында атқарылған жұмыстар:
Кеңгір су қоймасы мен Жезқазған аумағынан – 20 бас
Жезқазған қаласының далалық аймағынан – 63 бас
Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс бөлігінен – 110 бас киік өлексесі жиналып, жойылды.
Барлық жиналған өлекселер механикалық зақымсыз, оларды жою жөніндегі актілер арнайы комиссия мүшелерімен толтырылып, ресми түрде бекітілді.
Кеңгір су қоймасындағы мұздың еруіне байланысты қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Төтенше жағдайлар департаменті арнайы жасақталған құтқару бөлімшелерін жұмылдырды.
Қыс мезгілінде өлген киік өлекселерін жинау жұмыстары әлі де жалғасады.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·