Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жігер Ауыпбаев «үйлену тойын» жасап, жаңа әнінің тұсауын кесті: әншіге сиқыр жасалғанын мәлімдеді

Бірер күн бұрын әнші Жігер Ауыпбаев екінші мәрте үйленіп жатқанын жариялап, беташар той ұйымдастырған болатын. Желіде кеңінен таралған бұл жаңалық көпшілікті таңғалдырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алайда, көп ұзамай әнші бұл шараның пранк екенін айтып, жаңа ән

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Жігер Ауыпбаев «үйлену тойын» жасап, жаңа әнінің тұсауын кесті: әншіге сиқыр жасалғанын мәлімдеді
Бірер күн бұрын әнші Жігер Ауыпбаев екінші мәрте үйленіп жатқанын жариялап, беташар той ұйымдастырған болатын. Желіде кеңінен таралған бұл жаңалық көпшілікті таңғалдырды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алайда, көп ұзамай әнші бұл шараның пранк екенін айтып, жаңа әнінің тұсаукесерін өткізгенін мәлімдеді. Жігер Ауыпбаев Анна Данченкоға берген сұхбатында өзінің үш жылдық үзілісінің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл үзіліске денсаулығына әсер еткен сиқыр себеп болған.
«Үш жыл ішінде көп нәрсе болды. Ауырдым. Ашығын айтқанда, маған сиқыр жасалды. Белсіздікке қатысты сиқырлардан денемнен түрлі нәрселер шықты. Төсегімнің жанынан инелер, киімдерімнің ішінен белгісіз жазулар таптым», – деді әнші.
Сұхбат барысында ол сиқырдың әсерін алғаш қалай байқағанын да айтты:
«Көлік айдап келе жатқанда, өзімді сырттан бақылап отырғандай сезіндім. Достарым сөйлесе де, айтқандары миыма кірмейтін. Шашым түсіп, бел жағымда қара таңбалар пайда бола бастады. Суицидқа дейін бардым», – дейді Ауыпбаев.
Ауыпбаев осы жағдайдан айығу үшін бірнеше рет Умраға барғанын, рухани дем салдырғанын, сондай-ақ өзінің өнерге қайта оралуының оңай болмағанын айтады. «Ән дайын тұрса да, оны шығарғым келмейтін. Үйде жата беретінмін. Еңбек етейін десем, өнбейтін. Сондықтан үзіліс болды. Бірақ қазір қалыпқа келдім», – дейді ол. Әнші бірінші некесіндегі балаларына баспана сыйлағанын және олармен қарым-қатынасы жақсы екенін де атап өтті: «Балаларыма үй алып бердім. Үйсіз жүрген жоқ. Шамамның жеткенінше көмектесіп жатырмын», – деді Жігер Ауыпбаев. Жігер Ауыпбаев өз әрекетіне әртүрлі баға беріліп жатқанына тоқталып, былай деді. «Халық қалай қабылдайтынын білмеймін. Мақтай ма – мақтай берсін, жамандай ма – жамандай берсін. Бұл – менің өмірім. Әркім өз амал дәптерін өзі толтырады», – деді ол.    

Похожие материалы

Жігер Ауыпбаев «үйлену тойын» жасап, жаңа әнінің тұсауын кесті: әншіге сиқыр жасалғанын мәлімдеді · Todayinfo