Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жігіттер қыздарға дін арқылы манипуляция жасауда – журналист дабыл қақты

Қоғамда дінді манипуляция құралы ретінде пайдалану үрдісі күшейіп барады. Журналист әрі блогер Азамат Әбілқайыр жігіттердің қыздарға дін атын жамылып қысым көрсетіп жатқанын айтып, дабыл қақты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосын

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Жігіттер қыздарға дін арқылы манипуляция жасауда – журналист дабыл қақты
Қоғамда дінді манипуляция құралы ретінде пайдалану үрдісі күшейіп барады. Журналист әрі блогер Азамат Әбілқайыр жігіттердің қыздарға дін атын жамылып қысым көрсетіп жатқанын айтып, дабыл қақты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосында кейбір ер азаматтардың діни ұғымдарды бұрмалап, қыздарды қорқыту үшін қолданатынын жеткізді.
«Көп жігіттер қыздарға дін арқылы манипуляция жасайды. Олар тозақты, харамды, шариғатты алға тартып, қорқытып-үркітеді. Алайда, дін адамды басқарып, қорқыту үшін емес, мейірім, ізгілік, ақ ниет, қамқорлық үшін берілген. Құдайдан қорықпағаннан қорық дейді, ал сендерді осылай алдап, дінді жеке мақсаттарына пайдаланатындардан сақ болыңдар» – дейді ол.
Журналист бойжеткендерді өз ойларын еркін айтуға және сыни ойлау қабілетін дамытуға шақырды.
«Кез келген мәселені саралап, ойланыңыздар. Әсіресе, дін тақырыбында біреудің айтқанына соқыр сеніммен ермеңіздер. Себебі, діни манипуляцияның мақсаты – адамды өз еркінен айыру. Сондықтан өз таңдау құқығыңызды ешкімге бермеңіздер»,– деп ескертті Азамат Әбілқайыр.
Оның сөзін әлеуметтік желі қолданушылары да қолдап, өз тәжірибелерімен бөлісуде. «Жігітім көлік жүргізу харам деп, айдамауға үгіттеді. Қазір онымен сөйлеспейміз» – деп жазды қолданушылардың бірі.
«Маған сөйлесіп жүрген жігітім шетелге шыққандар күнәхарлар деп миымды улады», – деп жазды тағы бірі.
Маманның айтуынша, діни ұстанымдарды бұрмалап, әйелдерге қысым көрсету жеке қарым-қатынастар деңгейінде ғана емес, тұтас қоғамның идеологиясында да байқалады.
«Кез келген саяси, мәдени немесе діни идеологиялық қысым алдымен әйелдерге бағытталады. Бұл – өте қауіпті құбылыс», – дейді журналист.
Ол қыздарды өз пікірін ашық білдіруге және қандай да бір догмаларды сын тұрғысынан қарастыруға шақырды.
«Сыни ойлау – Аллаға қарсы шығу емес. Көзсіз сенбей, өз шешімдеріңізді саналы түрде қабылдаңыздар» – деп түйіндеді ол.
       
@azamat__abilqaiyr♬ оригинальный звук - azamat__abilqaiyr

Похожие материалы

Жігіттер қыздарға дін арқылы манипуляция жасауда – журналист дабыл қақты · Todayinfo