«Жігіттердің аяқ-қолын ұстаған»: Қытайда пранк түсіріп, жұртты шулатқан блогер енді Өзбекстанда көзге түсті
Фото: видео скриншот Даулы пранктерімен танылған қазақстандық блогер Аружан Айбекова бұл жолы Өзбекстанда көзге түсті. Ол Ташкент метросында жігіттердің қолынан, аяғынан ұстап контент түсірген. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат

Фото: видео скриншот
Даулы пранктерімен танылған қазақстандық блогер Аружан Айбекова бұл жолы Өзбекстанда көзге түсті. Ол Ташкент метросында жігіттердің қолынан, аяғынан ұстап контент түсірген. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің кезекті әлеуметтік эксперименті Ташкент метросында түсірілген. Блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған жаңа видеода ол бейтаныс жігіттердің қасына отырып, кенеттен олардың қолынан ұстап немесе аяғына қол тигізеді. Сол сәтте жігіттер блогердің ерсі әрекетінен ыңғайсызданып, қолын итеріп жібереді немесе басқа орынға ауысып кетеді.
Видео түсініктемесіз жарияланғандықтан, көрермендер эксперименттің нақты мақсатын түсінбей қалды.
Өзбекстандық желі қолданушылары видеоны сынға алып, ашу ызасын білдірді. Жергілікті басылымдар атап өткендей, Ташкентте қоғамдық көліктегі сексуалдық қол сұғушылық тақырыбы әзілге айналдырар жай мәселе емес.
Похожие материалы

Новости
За два месяца КНБ добился осуждения 13 человек по террористическим и экстремистским статьям
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Астане пресечена схема незаконного оформления ИИН иностранцам
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанада ЖСН “саудасы”: шетелдіктерге құжат заңсыз жасалған
Жаннұр Еділбаева·

Новости
13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы
Жаннұр Еділбаева·