Тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжанның соңғы жарияланымы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бұл жағдай кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жары Жанна Маратқызының мәлімдемесінен кейін өрбіді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен Алагөзовпен жасаған сұхбатының анонсын жариялап, оның тек бизнес жайлы емес, әке мен бала арасындағы сегіз жылдық үнсіздік туралы әңгіме екенін атап өтті.
Алайда бұл жазбадан кейін пікірлер бөліміне жиналған желі қолданушылары журналистен Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы Жанна Маратқызынан да сұхбат алуын сұрай бастады. Кейбірі оның бұрынғы отбасы мен балаларының жағдайына қатысты пікір білдіруін талап етсе, енді бірі кәсіпкердің бірінші некесіндегі балалардың мәселесін көтерді.
Пікір қалдырғандардың арасында «Жаннадан да сұхбат аласыз ба?»,
«Жұмабектің балаларының да әңгімесін тыңдау керек», «Қазіргі күйеуіңіздің бұрынғы отбасы жайлы айтылған мәлімдемеге көзқарасыңыз қандай?» деген сауалдар көп болды. Сондай-ақ бірқатар қолданушы Динара Сәтжанға күйеуінің бірінші некедегі балаларының құқығы мен мүддесіне назар аударуға қатысты өз ұсыныстары мен сын-пікірлерін жеткізді.




