Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Жина қолыңды!»: Шымкентте ер адамның дөрекі әрекетін тоқтатқан әйел желіні шулатты

Фото: Видео скриншот Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер а

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Жина қолыңды!»: Шымкентте ер адамның дөрекі әрекетін тоқтатқан әйел желіні шулатты
Фото: Видео скриншот Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер азаматқа қатты ескерту жасағаны көрінеді. Видео кадрларында ол ер адамға: «Әйелді ұрма, қолыңды жина!» деп қатқыл түрде тоқтау салуға тырысады.Оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшілік куәгер әйелдің әрекетін қолдап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау керегін атап өтті. Жарияланымнан кейін полиция жұбайларды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, бұл тұрмыстық жанжал. Әйел арыз жазудан бас тартқанымен, тәртіп сақшылары ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қамауға алған. Сонымен қатар, оларға қорғау нұсқамасы да шығарылған.

Похожие материалы

«Жина қолыңды!»: Шымкентте ер адамның дөрекі әрекетін тоқтатқан әйел желіні шулатты · Todayinfo