Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жүрегіне күй тұнған: зағип жігіттің таланты талайды тәнті етті (Видео)

Қытайдан келген қандас жігіттің күйсандықты құйқылжыта орындауы көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жас жігіттің "Сарыарқа" күйін ерекше шеберлікпен орындаған видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Желі қолданушылары таоантты жігітке іздеу салды. «Не деген орындау? Не деген өнер?

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Жүрегіне күй тұнған: зағип жігіттің таланты талайды тәнті етті (Видео)
Қытайдан келген қандас жігіттің күйсандықты құйқылжыта орындауы көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жас жігіттің "Сарыарқа" күйін ерекше шеберлікпен орындаған видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Желі қолданушылары таоантты жігітке іздеу салды.
«Не деген орындау? Не деген өнер? Ел ішінде небір таланттар жүр ғой. Мына жігіттің өнеріне таңдай қақпасқа амал жоқ! "Сарыарқаны" қалай құйқылжытады,ә. Естуімше көзі көрмейді дейді. Анық-қанығын кім біледі?», - деп жазды Оңғар Қабден.
Видео лезде тарап, оқырмандар жағымды пікірлерді бірінен соң бір жаудырды.
«Екі көзі де көрмейді. Қателеспесем есімі Нұрдана. Қытайдан келген қандас», «Керемет! Жасай бер, таланттым!»,«НұрданАрғынұлы. Текеліде тұрады», «Шығыс Түркістан, Көктоғай ауданы Дүре ауылының тумасы. Туа зағип, дара талант!»,«Жүрегіне күй тұнған жігіт!», «Бір өзі - бір оркестр!», - деп жазды желі қолданушылар.
https://www.facebook.com/watch/?v=1010204604340673&rdid=YcnMK3CpAVqCdPF6

Похожие материалы

Жүрегіне күй тұнған: зағип жігіттің таланты талайды тәнті етті (Видео) · Todayinfo