Todayinfo.kz
РегионыСмотреть все материалы

Жүргізуші жан тапсырды: Павлодарда қос көлік бетпе бет соқтығысты

Павлодар облысында өлімге әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. - Павлодар – Семей автожолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан “Тойота Corolla Spacio” көлігінің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, – делінген хабарл

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Жүргізуші жан тапсырды: Павлодарда қос көлік бетпе бет соқтығысты
Павлодар облысында өлімге әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
- Павлодар – Семей автожолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан “Тойота Corolla Spacio” көлігінің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
- Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгерістеріне назар аударуды, жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде және көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстауды ескертеді, – деп атап өтті ведомство.
Фото: Павлодар облыстық ПД

Похожие материалы

Жүргізуші жан тапсырды: Павлодарда қос көлік бетпе бет соқтығысты · Todayinfo