Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Журналист Жанар Байсеміз имамнан сұхбат аламын деп жазаға тартылды

Тілші жақында қазақстандық имам, ғұлама ұстаз Құрбанәлі Ахметті өзінің YouTube арнасына шақырған. Сұхбат барысында имам екінші әйелімен біраз уақыт бірге тұрып, балалы болғаннан кейін шәкіртіне беріп жібергенін айтқан. Имам екінші әйелін қайын атасы сыйлағанын және оны бәйбішесін

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Журналист Жанар Байсеміз имамнан сұхбат аламын деп жазаға тартылды
Тілші жақында қазақстандық имам, ғұлама ұстаз Құрбанәлі Ахметті өзінің YouTube арнасына шақырған. Сұхбат барысында имам екінші әйелімен біраз уақыт бірге тұрып, балалы болғаннан кейін шәкіртіне беріп жібергенін айтқан. Имам екінші әйелін қайын атасы сыйлағанын және оны бәйбішесінің рұқсатынсыз алғанын да айтты. Осыған байланысты полиция тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Ведомство сұхбат кейіпкеріне айыппұл салғанын хабарлай отырып, бейнежазбаның авторын да жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
«Өз кезегінде, Алматы қаласы Полиция департаменті аталған материалдың таралу дерегіне құқықтық баға берді. Айта кету керек, айтылған пікірлердің мазмұны үшін оның авторы жауапты болғанымен, құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Осыған байланысты жарияланым авторы да ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада.
Алматы қаласының полициясы діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде материалдарды тарату кезінде жауапкершілік танытудың маңыздылығын ескертті. Қоғамдық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін контентті жариялау және таратуға жол берілмейді. Фото: скрин

Похожие материалы

Журналист Жанар Байсеміз имамнан сұхбат аламын деп жазаға тартылды · Todayinfo