Todayinfo.kz
СпортСмотреть все материалы

Жыл кездесуі: Елдос Сметов пен Хабиб Нурмагомедов қажылықта жолықты (ВИДЕО)

Үлкен қажылыққа барған дзюдодан Олимпиада чемпионы UFC-нің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп қалып, біраз әңгімелесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ға сілтеме жасап. Әңгіме барысында Елдостың Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен бұрыннан

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Жыл кездесуі: Елдос Сметов пен Хабиб Нурмагомедов қажылықта жолықты (ВИДЕО)
Үлкен қажылыққа барған дзюдодан Олимпиада чемпионы UFC-нің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп қалып, біраз әңгімелесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Елдостың Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды. «Сіздің әкеңіз Абдулманап аға Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарына жиі келіп тұратын. Ол кісі Алматыға келгенде танысып, суретке түстік. Ағамыз дзюдоға ерекше жанкүйер болған еді», - деді Сметов.
Өз кезегінде Хабиб те Елдоспен танысқанына қуанышты екенін білдіріп, сәттілік тіледі. «Көргеніме қуаныштымын, бауырым. Сәттілік!» - деді Нурмагомедов. Айта кетейік, Абдулманап Нурмагомедовтың «Әке» атты автобиографиясында дзюдо туралы былай деп жазылған:
«Мен кезінде Хабибтің дзюдода қалғанын қаладым. Бұл — олимпиадалық спорт түрі, өзім де ел чемпионы атанғанмын. Дзюдо — жекпе-жек түрлерінің ішіндегі беделді бағыт. Мұнда қарсыластар ешқашан қайталанбайды, үнемі ауысып отырады. Жалпы алғанда, бұл – әрдайым өсуге мүмкіндік бар күрделі спорт түрі.
Қысқасы, мен Хабибтің дзюдошы болғанын қаладым. Бірақ ұлым аралас жекпе-жекті таңдады».

Похожие материалы

Жыл кездесуі: Елдос Сметов пен Хабиб Нурмагомедов қажылықта жолықты (ВИДЕО) · Todayinfo