Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Жылап келгендерге сенбе»: белгілі заңгер желідегі оқырмандардан сақ болу керектігін ескертті

Танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі оқырмандар мен белсенділерге сақ болу керектігін айтты. Оның сөзінше, желідегі қолдау пікірлері мен лайктар нақты жағдайда ешқандай қорған бола алмайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Халықтың “қолдаймыз”, “сен бат

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Жылап келгендерге сенбе»: белгілі заңгер желідегі оқырмандардан сақ болу керектігін ескертті
Танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі оқырмандар мен белсенділерге сақ болу керектігін айтты. Оның сөзінше, желідегі қолдау пікірлері мен лайктар нақты жағдайда ешқандай қорған бола алмайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Халықтың “қолдаймыз”, “сен батырсың” деген сөздері сені құтқармайды. Ел алдына шыққан әрбір адам ең алдымен өзіне сенуі керек», — деді ол.
Заңгердің айтуынша, дәлелсіз ақпаратты тарату үлкен қауіп тудырады. Сондықтан кез келген мәселені көтермес бұрын нақты құжат, бейне немесе аудио дәлелдер болуы қажет. «Біреу жылап келді екен деп, оның мәселесін бірден өз мойныңа алма. Кейде ондай адамдар тез айнып кетуі мүмкін немесе тіпті біреудің тапсырмасымен келуі де ықтимал», — деп ескертті Айгүл Орынбек. Ол сондай-ақ кей жағдайларда белсенділерді әдейі пайдаланып, белгілі бір тұлғаларға қарсы әрекет жасауға итермелеу қаупі бар екенін атап өтті.
«Анау айтты, мынау айтты” деген сөздер сені заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайды. Ал өз мәселесін айта алмай, сені алға шығаратындар ертең жауапкершілікті бөліспейді», — деді заңгер.
Айгүл Орынбектің айтуынша, әлеуметтік желідегі белсенділік оңай табыс көзі емес және кез келген сәтте құқық қорғау органдары тарапынан тексерілуі мүмкін.
«Елдің мәселесін көтеру – үлкен жауапкершілік. Бүгін қолдаған жұрт ертең теріс ақпарат шықса, бірден көзқарасын өзгертуі мүмкін. Сондықтан белсенді болу үшін білім де, табандылық та қажет», — деп түйіндеді ол.

Похожие материалы

«Жылап келгендерге сенбе»: белгілі заңгер желідегі оқырмандардан сақ болу керектігін ескертті · Todayinfo