Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Жылқы тани білгеннің қай жері жаман?»: Тұрсынбектің тоқалы аттың құлағында ойнап, көпті таңғалдырды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман ат үстінде өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Айманның ат үстінде шауып жүрген сәті көрсетілген. Ол жазбасында жылқы танудың, атқа мінуд

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Жылқы тани білгеннің қай жері жаман?»: Тұрсынбектің тоқалы аттың құлағында ойнап, көпті таңғалдырды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман ат үстінде өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Айманның ат үстінде шауып жүрген сәті көрсетілген. Ол жазбасында жылқы танудың, атқа мінудің қазақ үшін мән-маңызына тоқталып, мұны үлкен өнер мен ерлікке балады.
"Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге…Жылқы тани білгеннің қай жері жаман? Мүше, Жілік ажырата алсаң керемет емес па?Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес па? Аттың үстінде шабу да үлкен Өнер мен ерлік….", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айманның бұл қырын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Пікір қалдырушылар оның мінезін, сөз саптауын және өнерін ерекше атап өткен. Көпшілік Айманның түрлі қырынан танылып келе жатқанын жазуда.

Похожие материалы

«Жылқы тани білгеннің қай жері жаман?»: Тұрсынбектің тоқалы аттың құлағында ойнап, көпті таңғалдырды · Todayinfo