Todayinfo.kz
Улытауская областьСмотреть все материалы

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жезқазған қаласында 1 тамыздан бастап, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism) КММ өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді, ал балалармен 8 клиникалық педагог, Бо

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Жылына 100 баланы қамтиды»:  Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады
Жезқазған қаласында 1 тамыздан бастап, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism) КММ өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді, ал балалармен 8 клиникалық педагог, Болат Өтемұратұлы қорының Асыл Мирас орталығынан арнаулы оқыту, әдістемелік курсынан өткен мамандар жұмыс істейді. Орталықта ҚР Оқу-ағарту министрлігі тұжырымдамасы бойынша 6 кабинет жұмыс істейді. Олар ерте қолдау кабинеті, оқыту дағдыларын дамыту, әлеуметтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, өмірлік дағдыларды дамыту, ата-аналарды қолдау мен сенсорлы, ойын бөлмелері жабдықталған. Аутизм орталығына ПМПК қорытындысы бойынша «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы» мен «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің қиындықтары» бар балалар қабылданады. Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Сәтбаев көшесі 62. 2-қабат

Похожие материалы

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады · Todayinfo