Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Зымыран түскен: Бас прокуратура қазақстандықтардың Дубайдағы жылжымайтын мүлкін тексермек

Қазақстандықтардың Дубайдағы жылжымайтын мүлкін Бас прокуратура тексеруі мүмкін. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Депутат Ерлан Саиров Бас прокуратураға тексеру туралы сауал жолдайтынын айтты. “Бас прокуратураның атына хат жолдап, бұл мәселеге құқықтық тұрғы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Зымыран түскен: Бас прокуратура қазақстандықтардың Дубайдағы жылжымайтын мүлкін тексермек
Қазақстандықтардың Дубайдағы жылжымайтын мүлкін Бас прокуратура тексеруі мүмкін. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Депутат Ерлан Саиров Бас прокуратураға тексеру туралы сауал жолдайтынын айтты.
“Бас прокуратураның атына хат жолдап, бұл мәселеге құқықтық тұрғыдан баға беруін сұраймын. Ал моральдық тұрғыдан алғанда, бұл дұрыс емес. Бұл тіпті біздің елдің халқына қатысты адамгершілікке жат әрекет”, – деді Саиров.
1 наурыз күні Дубайдағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешені маңына зымыран құлап, кейін өрт шыққан. Осыдан кейін әлеуметтік желіде ауқатты қазақстандықтарға, экс-шенеуніктерге тиесілі жылжымайтын мүлік зардап шеккен болуы мүмкін деген талқылау басталды. Журналист Манас Қайыртайдың дерегінше, аталған тұрғын үй кешеніндегі 97 пәтер қазақстандықтарға тиесілі. Пәтер иелерінің арасында негізінен “ескі Қазақстан” өкілдері аталады. Мәселен, олардың қатарында Сенаттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жұбайы Бағдат Баталова және басқа да тұлғалар бар.

Похожие материалы

Зымыран түскен: Бас прокуратура қазақстандықтардың Дубайдағы жылжымайтын мүлкін тексермек · Todayinfo